Бас жаңалықтар
Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді
22 Ақпан 2019, 12:41 523

Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментімен Алматы облысының Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол жалпы білім беру мекемелерінің басшыларынан жалпы қамқорлығы үшін бірнеше рет пара алуда күдікті деп танылуда. Тергеу жалғасуда», - деді агенттіктің ресми өкілі.

Жанна Бастаров сондай-ақ, Ақтөбе облысы бойынша департаментімен Ақтөбе қалалық полиция басқармасының Астана аудандық №2 қалалық полиция бөлімі бастығының жедел жұмыс бойынша орынбасары, осы бөлімнің аға жедел қызметкері мен жедел қызметкеріне қатысты парақорлық фактісі анықталғанын айтты.

«Олар алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында азаматтан оның ұлына қатысты қылмыстық іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 300 мың теңге сомасындағы пара алды деп күдіктелуде. 14 ақпанда кінәсін толық мойындауына байланысты бір жедел қызметкерге қатысты үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды, ал екінші қызметкерге қатысты бұлтартпау шарасы қабылданған жоқ. Бастықтың орынбасарына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу жалғасуда», - деді Жанна Бастарова.

Назерке АБИБУЛЛА


Сізден жаңалық