Бас жаңалықтар
XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы кейінге қалдырылды
06 Қараша 2020, 18:22 175

XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы кейінге қалдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық жағдайдың қиындай түсуіне байланысты Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумының өтетін уақыты кейінге шегерілді. 

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Эпидемиологиялық жағдайдың қиындай түсуіне байланысты Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумының өтетін уақыты кейінге шегерілді. Бұған дейін Форум биылғы қараша айының екінші жартысында екі ел басшыларының қатысуымен Көкшетау қаласында өтеді деп жоспарланған болатын, – деп жазды ол.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...