Қазақстандық теннисші WTA турнирін жеңді

22 Шілде 2019, 10:34
2735
Бөлісу:
Қазақстандық теннисші WTA турнирін жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші, әлемнің 106-ракеткасы Елена Рыбакина BRD Bucharest Open жарысының финалында әлемдік рейтингіде 836-орында тұрған румын Патриция Мария Тигті 6/2, 6/0 есебімен жеңді. 

Матчтың 1 сағат 5 минутында Елена екі эйс пен бес брейк жасады. Патриция бір эйс жасап, алты екілік қате жіберді. Осыған дейін қарсыластар кортта кездеспеген.

Осылайша Рыбакина карьерасында алғашқы титулына ие болып, үздік 65 теннисші қатарына енді. Осы турнирде $43,000 ақшалай сыйақы мен рейтингіде 280 ұпайға ие болды.

Өзгелердің жаңалығы