Найзағай, қатты жел. Еліміздің 4 облысында дауылды ескерту жасалды

13 Қыркүйек 2020, 17:21
2135
Бөлісу:
Найзағай, қатты жел. Еліміздің 4 облысында дауылды ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

Күндіз 14 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

Оралда күндіз 14 қыркүйекте найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан күндіз екпіні 18 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.

14 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-100%, - делінген хабарламада.

Түнде және таңертең 14 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

13 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз күші кей жерде 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

13 қыркүйекте таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-100%.


Өзгелердің жаңалығы