WBO титулын қорғаған Мангуия Головкинді жекпе-жекке шақырды

15 Қараша 2021, 22:07
848
Бөлісу:
WBO титулын қорғаған Мангуия Головкинді жекпе-жекке шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық Хайме Мунгия (38-0, 30 KO) орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізуге ниетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Анахайме қаласында өткен бокс кешінде Хайме қазақстандық боксшының бұрынғы қарсыласы Габриэль Росадоны (26-14-1, 15 KO) төрешілер шешімімен жеңіп, WBO титулын сәтті қорғады. Жеңістен кейін мексикалық Головкинді айқасқа шақырды.

Головкинмен жекпе-жек қалаймын. Көрерменге ұнайтын жақсы айқас болатын еді. Келесі кездесуім сонымен өтетін сияқты. 2022 жылы титулды немесе элиминаторлы айқасқа дайын боламын, – деді Мунгия жеңістен кейін.
Ал баспасөз мәслихаты кезінде мексикалық боксшы Головкиннің тағы бір экс қарсыласымен жекпе-жекке шаққысы келетінін мәлімдеді.

Иә, Головкинге дайынбыз. Сонымен қоса Деревянченкомен де жұдырықтасқым келеді, – дейді Хайме.

Өзгелердің жаңалығы