Бас жаңалықтар
Волонтерлік ұйымдардың саны үш есеге артты - Болат Тілепов
29 Қаңтар 2021, 11:23 336

Волонтерлік ұйымдардың саны үш есеге артты - Болат Тілепов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде волонтерлік ұйымдардың саны үш есеге артқан. Бұл туралы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алқа отырысында вице-министр Болат Тілепов айтты.

Өздеріңіз білсіздер, волонтерлердің жылы табысты аяқталып, осы саланың дамуында оң серпін байқалды. Бүгінгі таңда волонтерлік ұйымдардың саны үш есеге артты. Мысалы, 2020 жылдың басында 224 ұйым болса, қазірдің саны 600-ге жетті.  Ал волонтерлердің саны 2,5 есеге ұлғайып, жазды күні пандемияның асқынған тұсында 100 мыңға дейін көбейді. Президенттің қатысуымен волонтерлердің кеңсесі іске қосылып, оған ілесе республиканың әр аймағында фронт-офистер ашылды. Жыл бойы сабақтастық-саулық, таза әлем, асыл мұра, қамқор-үміт, білім секілді маңызды бағыттар бойынша жеті жалпы ұлттық волонтерлік жоба жүзеге асырылды. Республика бойынша 18 еріктілерді қолдау орталығы ашылды,- дейді Болат Тілепов.

Сонымен қатар гранттық қаржыландыру меназимі жетілдірілгенін айтты. Министрлік қолданыстағы үкіметтік емес ұйымдарға грант беру қағидаларын өзгерістер енгізген. 

Нормативтік құқықтық актінің жобасы азаматтық қоғам саласындағы сарапшылармен бірлесе отырып әзірленді. Жаңа өзгерістер үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік гранттарды бөлу бойынша конкурстық рәсімдерді жетілдіруге бағытталған. Бұған сәйкес сарапшылар тізімі қалыптасты және  жүргізу тәртібі регламенттелген. Жаңа қағида бойынша сарапшылар тізімі бір жыл мерзімге жасалып, көпшілікке жарияланады. Сондай-ақ гранттардың тақырыптары қоғам талқысынан  кейін жоспарланып іске асады. Былтыр 88 ұйымның қатысуымен 117 гранттық жоба орындалды, -дейді вице-министр.

Фото: дереккөз
Загрузка...