Бас жаңалықтар
Волонтерлер  мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті
04 Тамыз 2020, 12:46 278

Волонтерлер мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының волонтерлері көп балалы және  мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жалғыз басты қарт адамдарға азық-түлік жеткізді.

Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларынан  85 отбасы "Қайырымдылық марафоны" акциясы аясында азық-түлік себеттері түрінде гуманитарлық көмек алды.

Біздің міндетіміз - мұқтаж адамдарға көмек және қолдау көрсету. Іс-шараның мақсаты - қоғамның, әсіресе, жастардың саналы ойлауын қалыптастыруға үлес қосу және волонтерлік қызметті жетілдіруге жәрдемдесу, - деді Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының жобалық менеджері Ажар Әбдиева.

Айта кету керек, SK Volunteer компаниялар тобының волонтерлер лигасы "Волонтер жылында" құрылды және "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының барлық қамқор қызметкерлері мен ел азаматтарын біріктіреді. Қазақстан Республикасының кез келген азаматы volunteer.sknews.kz сайтында өтініш беру арқылы волонтер бола алады.

Қор тобында волонтерлік төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor көмек қажет адамдарға қамқорлық жасауды, Umit – қоғамдық волонтерлік, Asylmura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесу, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосу.


Фото: дереккөз
Загрузка...