Волонтерлар "көлеңкеден" шықты – Qamqor амбассадор Гүлмира Әбдірашева

12 Ақпан 2020, 16:17
1666
Бөлісу:
Волонтерлар "көлеңкеден" шықты – Qamqor амбассадор Гүлмира Әбдірашева
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Birgemiz: Qamqor" жалпыұлттық жобасының амбассадоры Гүлмира Әбдірашеваның айтуынша, қазір волонтерлық тек қайырымдылық жасау деген ұғымнан бөлек бірнеше саланы қамтып келеді.

Президенттің өзі жануарлар мен адамдарға қамқорлық танытудың маңыздылығы туралы айтты. Мен үлкен шабыт алдым. Біз жануарларды қорғаудың маңыздылығы туралы көп жылдан бері айтып келеміз. "Клуб добряков" жануарларға да, адамдарға да қамқорлық жасайды. Себебі, егер сен өзіңді волонтер, ерікті деп санасаң бір бағытты ғана таңдау мүмкін емес. Мәселен, балаларға көмектесіп, мысықты тебу деген болмайды. Бүгін мемлекеттің тарапынан қолдаудың көп екеніне тағы куә болдық, - деді Гүлмира Әбдірашева волонтерларға арналған "Біргеміз" фронт-офисінің ашылуынан кейін журналистерге.

Амбассадор волонтерлықты жария етіп жасауды қолдайды. Айтуынша, жариялылық арқылы көпшілікті тартып, жұмылу оңай.
Мен волонтерлықты паш етіп жасауды қолдаймын. Кейбір адамдар оның арқасында танымалдылыққа ие болып, пиар жасайсыңдар деп айтады. Алайда, менің көзқарасым басқа. Себебі, бұлар имидждік пиар, барлығы ол туралы білулері керек. Жыл сайын қала мен өңірлер бойынша ұйымдардың да, ерікті адамдардың да қатары артып келеді, - деді ол.
Гүлмира Әбдірашева фронт-офистің басым бағыттарын атап, мүмкіндігі зор екенін жеткізді.
Бұл адамдардың белсенділігін арттырып, 7 бағыт бойынша жұмыс істейді. Волонтерлар "көлеңкеден" шықты деп ойлаймын. Егер осыған дейін еріктілерге тегін жұмыс күші, шаруа ретінде қараса, қазір бұл елдің клиникалық патриоттары мен қоғамның саналы көмегі екені анықталды. Бұл мемлекеттің кемшіл тұстарын көрсетіп, саясатын теріске шығару емес, керісінше, мемлекетке жұмыс істеу. Кеннедидің "саған елің не істегеніне емес, сен елің үшін не істегеніңе қара" дейтін тағылымды сөзі бар. Бұл әрдайым өзіңнен бастау керегін көрсетеді, - деді ол.




Өзгелердің жаңалығы