Волонтер жылы: Әркімнің жүрегінде "айналама көмектессем" деген сезім бар – Айсұлу Ерниязова

20 Қаңтар 2020, 11:52
4639
Бөлісу:
Волонтер жылы: Әркімнің жүрегінде "айналама көмектессем" деген сезім бар – Айсұлу Ерниязова
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл елімізде "Волонтер жылы" деп жарияланғаны белгілі. Осы тұрғыда еліміздегі жастар ұйымдары басшыларымен тілдесіп, биыл атқаратын істерімен, жалпы жоспарларымен танысқан едік.

Оқуға тапсырғанда, жатақхана алуда еріктілерге басымдық берілсе...

"Волонтерлер лигасы" ҚҚ төрайымы Айсұлу Ерниязова:

WhatsApp Image 2020-01-18 at 11.47.25 (1).jpeg

2020 жылдың Волонтерлер жылы деп қабылдануы еріктілерді жігерлендіре түседі әрі мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Оның үстіне Жастар жылының жалғасы, өйткені өткен жылы көптеген істер атқарылған еді.

Волонтерлер жылын "Ашық жүрек" жобасымен ашып отырмыз. Бұл жоба 8 бағыт бойынша жүргізіледі. Атап өтсем, жануарларға, қарияларға, қоршаған ортаға, адамдардың дамуына, жұмыс табуына, медицина, денсаулықтарына көмектеседі.

WhatsApp Image 2020-01-18 at 11.47.40.jpeg

Жобаның 8 бағыты бар:

1. Өлкем. Қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты аялауға шақырады. Экологиялық таза іс-шараларды, яғни сенбіліктерді, плоггинг жүгірістерін әрдайым ұйымдастырады. Өз қаламызды тазалықта ұстауға талпынады.

2. Шабытым. Осы бағытқа байланысты концерттер, іс-шаралар өтеді. Волонтерлар бірігіп, өзінің бос уақытын жақсы көретін істермен өткізеді. Мысалы, Модельді дайындау курстары, сонымен қатар би де шабытым бағытында бар.

3. Отбасым. Жастар жылы негізінде жас отбасыларға көмек, келер ұрпақты болпшаққа жауапкешілікпен қарауға үйрету, әл ауқаты төмен көп балалы отбасыларға көмек. Сонымен қатар, отбасым мен табысым бағыттары бірігіп, балаларға арнап ақысыз түрде ағылшын тілі курстарын ашты.

4. Табысым. Мектеп бітіруші түлектердің басты мәселесі дұрыс мамандық таңдау, университет қабырғасындағы студенттерге болашаққа дұрыс жоспар ұруға көмектесу

5. Жігерім. Кейбір істерді жасай алмайтын адамдарға қол ұшын созу, оларға арналған курстарды қамтиді. Осы адамдармен мастер-класстар да өтілген.

6. Құлыным. Үй-жайсыз, қорғансыз қалған жан-жануарларға көмек

7. Күш-қуатым. Бір сөзбен салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, осыған байланысты университет ұстаздарымен мастер класстар мен жүгірулер өткізіліп отырады.

8. Қазынам. Өкінішке орай бүгінде қарттар үйінде асыл қазына, көне көз ата-әжелеріміз көбейіп барады. Сол кісілерге көмек.

Өткен жылы осы жобаның филиалын еліміздің әр өңірінде ашқан едік.

Сондай-ақ, біз волонтерлерге тіл үйрету жағын да қолға алдық, ағылшын тілінен бөлек орыс және қазақ тілдерін де тегін үйретеміз. Шетелдік волонтерлерге де қазақ, орыс тілдерін үйретудеміз, өйткені олар да қаланың қоғамдық өміріне араласқысы келеді.

Алматы жастар қаласы болғандықтан мұнда көптеген жастардың ұйымы бар. Олардың әрқайсысы өз саласы бойынша жұмыс істеп жатыр. Биылғы Волонтер жылында барлығы қоғамға пайдалы іс жасау тұрғысында бірігіп жатыр.

WhatsApp Image 2020-01-18 at 11.47.39.jpeg

Өткен жылы Елбасы Жастар жылының ашылуында волонтерлердің шәкіртақысы өсетіндігін мәлімдеген. Биыл сол іске асады деген ойдамын. Сайып келгенде мәселе ақшада емес, бастысы назар аударғанында болып отыр. Бізге шетелдің үздік тәжірибесін алу керек. Яғни оқуға тапсырғанда, жатақхана алуда еріктілерге басымдық берілсе дейміз. Жастарды ақша емес, осындай қарапайым нәрселер ынталандыра түседі. Жастар өзінің пайдалы іспен айналысып жүргенін сезінсе олар жақсылық жасамай тұрмайды.

Бізде қазір еліміз бойынша 5 мыңнан аса волонтер бар, оның басым бөлігі Алматы қаласында. Биылғы Волонтер жылында жастар өздерін көрсете білу керек. Бізге үкімет ақша береме екен деп отырғанымыз дұрыс емес. Барлық волонтерлер жиналып қоғамға көмектесіп, өзіміздің бар екенімізді көрсетуіміз қажет. Бізде жастар ғана волонтер болады деген қате түсінік бар, әркімнің жүрегінде қоғамға, айналама көмектессем деген сезім бар. Біз адамдардың сол сезімдерін оятып, "сен елің үшін пайдалы іс жасай аласың" деп айта білуіміз керек. Мен үшін патриоттық, волонтерлік ол еліңді сүйе білу.

Жастардың волонтерлікке деген ынтасы өскен

Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы, "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының Алматы қалалық филиалының өкілі Рустам Кайрыев:

WhatsApp Image 2020-01-18 at 11.47.25.jpeg

Мемлекет басшысы 2020 жылды "Волонтер жылы" деп қабылдаған соң біз Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшысымен келісе отырып өз тұжырымдамызды жасадық. Ол білім, әлеуметтік, спорттық және медиация сияқты төрт бағыттан тұрады. Төрт адам республика бойынша осы бағыттарды сүйемелдеп отырады.

Білім беру саласы бойынша жас кәсіпкерлерге тегін бизнес тренингтер жүргізіледі. Ол үшін елімізге танымал жас кәсіпкерлермен келісімдер жасалды. Сонымен қатар, қазақ тілі мен өзге тілдер тегін үйретіледі. ҰБТ-ға және жоғары оқу орнына дайындау сияқты шаралар да атқарылады. Мектепке барып 9-11 сынып оқушыларына алдағы уақытта қандай мамандықтар сұранысқа ие болатыны туралы мәліметтер беріп, мамандық таңдауларына көмектесеміз.

Спорттық волонтерлік бойынша еліміздегі жаттықтырушылар мен түрлі спорт түрінен әлем чемпионы болған танымал адамдармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Олар балалар спорттық мектебінде және өздерінің спорттық клубында шеберлік сағаттарын өткізіп, жастарды салауатты өмірге баулиды. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан балалар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сол клубтарда тегін жаттығу ұсынылады.

WhatsApp Image 2020-01-18 at 11.47.41 (1).jpeg

Әлеуметтік волонтерлікке келсем, бұл әр жыл сайын атқарылып келе жатқан шаралар. Яғни егде жастағы ардагерлерге қамқорлық көрсету, балаларды қорғау күніне орай іс-шаралар ұйымдастыру, балалар үйіндегі тәрбиеленушілермен кездесу, сыйлықтар беру. Жалғыз қалған ата-апаларға қолұшын беру. Сондай-ақ, шетелде емделуді қажет ететін балалар үшін кәсіпкерлерді тауып, қаржылай көмек көрсетеміз.

Медиация бойынша бізде тәжірибе бар. ҚХА-на қарасты еліміздің әр Достық үйінде медиация институты бар. Біз медиатрларды тарта отырып халыққа осы бағытта тегін кеңес берсек дейміз. Түрлі дауларды сотқа дейін бейбіт түрде шешуді көздеп отырмыз. Қазір бірнеше медиатрмен келісіп қойдық, олар да еріктілер қатарында бәрін тегін өткізеді.

WhatsApp Image 2020-01-18 at 11.47.42 (1).jpeg

Бұл істердің бәрі бізге жаңалық емес, бұған дейін де атқарғанбыз. Дегенмен биылғы Волонтер жылы аясында жастарды көптеп тарататын боламыз, қазір бізде 300-ден аса еріктіміз бар. Біз ешкімді қинап әкелмейміз, бәрі ерікті түрде қатысады. Бір байқағаным, соңғы бес жылда жастардың волонтерлікке деген ынтасы өскен. Қазір қандай да бір акция өткізу үшін немесе бір науқас балаға көмектесуге жастарды жинау керек болса, ол қиындық тудырмайды. Жастар айналасына қамқорлық жасауға дайын және осындай акцияларда бір-бірімен танысып, байланыс орнатып отырады.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

"Jas Otan" жастар қанатының Алматы филиалының төрағасы Мәди Ахметов:

WhatsApp Image 2020-01-18 at 11.47.24.jpeg

2020 жыл "Біргеміз" деген ұранмен Волонтер жылы ашылып отыр. Бұл дегеніңіз – елімізде әр салада волонтерлікпен айналысып жүрген белсенділердің жұмыла іс атқаруы. Оның ішінде жастар да, зейнет жасындағы адамдар да бар. Біздің ендігі міндетіміз үлкен белестерді бірге бағындыру. Өйткені бағытымыз бір, жасап жатқан ісіміз де бір. Егер барлығымыз бірігіп жұмыс атқарсақ, қамту аймағымыз да кең болады және ісіміз де сапалы болмақ.

"Jas Otan" жастар қанаты еліміздегі ең үлкен жастар ұйымы. Алматы қаласы бойынша сегіз ауданда бөлімшелеріміз және орталығымыз жұмыс істейді. Биыл үш бағыт бойынша волонтерлік қызметті қолға алып отырмыз. Ұлы жеңістің 75-жылдығы аясында қаламыздағы соғысқа қатысқан барлық ардагерлерге көмек көрсетеміз. Дәрі-дәрмек және басқа да әлеуметтік көмекпен қамтысақ деп отырмыз. Тек 5-6 ардагерге барып қана қоймай, қаладағы барлық соғыс ардегерін қамтимыз. Міне, бұл мамыр айына дейін жоспарлап отырған жұмыстарымыздың бірі.

Одан кейін "Қамқоршы" жобасы аясында қаладағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленіп жатқан балаларға қол ұшын беру. Сенбі, жексенбі күндері балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз. Яғни оларды кинотеатр, театрға апару, демалыс күнін белсенді өткізуге көмектесу. Бұл жобаны былтыр бастап, 5-6 айдың ішінде мыңға жуық адамды қамтыдық. Биылдан бастап соның санын да, сапасын да арттырып, жобаны жалғастырып жатырмыз.

WhatsApp Image 2020-01-18 at 11.47.42.jpeg

Үшіншісі, экологиялық бағыт бойынша жүргізіледі. Қаламыздың экологиялық мәселесі өзекті, сол үшін арнайы экологиялық жасақ жасамақпыз. Яғни жастарды экологияның мәселесін шешуге және соған атсалысуға, қаланы тазартуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге тартамыз. Волонтерлер жылы аясында іске асырылатын 7 бағыт бар, біз соның ішінде өзімізге қажетті деп санаған үш бағытты өзіміздің жобаларымызбен бірге жүзеге асырып жатырмыз.

 

Өзгелердің жаңалығы