Бас жаңалықтар
Волонтер студенттерге ақша төленеді – білім министрі
15 Сәуiр 2019, 12:24 2850

Волонтер студенттерге ақша төленеді – білім министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасының тапсырмасына сәйкес волонтер студенттер 25 және 50 сағаттық, яғни 2 және 5 кредиттік жұмыспен қамтылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Күлаш Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Мұндай студенттерге жалпы жиынтығы 75 сағаттың ақшасы төленеді және оған қосымша жеті кредиті де оқу барысында есептелетін болады. Бұл қандай жұмыс дегенге келсек, ол үлкендерге, балаларға көмек көрсету, қосымша репетиторлық жұмысты атқару сияқты қоғамға пайдалы жұмыстар. Міне, осындай тапсырмалардың аясында қазір жұмыс істеп жатырмыз», - деді Күлаш Шәмшидинова

Сонымен қатар, ол еліміздегі колледждер мен жоғары оқу орындарының материалдық жағдайын жақсарту үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлінгенін жеткізді.

«180 колледж бен 20 жоғары оқу орнына байланысты биылғы бюджетке қосымша 8 млрд теңге бөлініп отыр. Бұның 7,2 млрд теңгесі 180 колледждің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға жұмсалады, ал 800 млн теңге осы жердегі оқу бағдарламаларын жөндеп, ең алдыңғы қатарлы үлкен компотенттік орталықтарға айналдыруға бағытталады», - деді министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру жолында 1 маусымнан бастап мұғалімдердің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық