Волгоградтағы жарылыстан Қазақстан да сабақ алу керек – журналист жазбасы

11 Тамыз 2020, 01:38
4697
Бөлісу:
Волгоградтағы жарылыстан Қазақстан да сабақ алу керек – журналист жазбасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралдық журналист Нұрлыбек Рахманов Ресейдің Волгоград облысының орталығында болған алапат жарылыс туралы айта келіп, Қазақстандағы газ құю стансалары да сол оқиғадан сабақ алу керектігін ескертті.

Бүгін БҚО-мен шекаралас Ресейдің Волгоград облысының орталығында газ құю стансасы жарылды. 13 адам зардап шеккен. Цистернамен газ әкеліп тұрған жүргізушіні таба алмай қалған. Ресейдегі оқиғаны неге айтып отырмын? Біздің елде де қаланың орталығында, тұрғын үйлер арасында орналасқан бензин, газ құю стансалары бар. Мұндай жағдайлардан сабақ алу керек... – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, 10 тамызда түстен кейін Волгоградтағы жанармай құю бекетінде қатты жарылыс болып, өрт жалынының биіктігі көпқабатты ғимараттардан асып түскен еді. Соның салдарынан ТЖМ қызметкерлері мен көшеде кетіп бара жатқан адамдар зардап шеккен. Арасында 16 жастағы жасөспірім де бар.

Бұл ретте РФ Волгоград облысындағы тергеу басқармасының баспасөз қызметі Тракторозавод ауданы бойынша тергеу басқармасымен бірігіп, осы факті бойынша тексеріс басталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы