Бас жаңалықтар
Волейболдан журналистер біріншілігінде Қазақпарат жеңіске жетті
PHOTO
26 Маусым 2021, 16:13 1294

Волейболдан журналистер біріншілігінде Қазақпарат жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада БАҚ өкілдері арасында волейболдан алғаш ұйымдастырылған журналистер біріншілігінде Қазақпарат командасы жеңіске жетті.

Қазақпарат командасының капитаны Гүлжан Раманқұлова волейбол додасына бір күн бұрын команда жиналғанын жеткізді.


БАҚ саласында жұмыс істейтін әріптестердің жиналып, шүйіркелесетін жиынға айналды. Алғашқы ойынды 7-арнамен өткіздік. Бірақ олардан 1 ұпай алып, жеңілдік. Осы турнир барысында тек екі рет есе жібердік. Ұпайдан қағылмай, финалға жеттік,- деді ол.
казак.jpeg

Раманқұлова дайындық және ойын кезінде түсініспеушілік те болғанын айтты. 

Не болса да, біз бүгін сақадай саймыз. Осы турнир барысында  жаттығуға келген барша әріптесіме алғыс айтқым келеді,-деді ол. 


 Сондай-ақ команда капитаны жаттығу үшін тегін зал ұсвнған 71 және 76 мектеп ұжымының басшылығына алғыс айтты. 


БАҚ өкілдері арасында волейболдан журналистер біріншілігі 15 мамыр күні басталған еді. Турнир белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының рухына  арналды. 


Біріншілікке 8 команда қатысты. Командалардың барлығы ойын қорытындысы бойынша орындарға ие болды.



8-орын - "Атамекен" бизнес арнасы

7-орын- "Қазмедиа" командасы 

6-орын - 2-бап-Цензура 

5-орын - 7-арна

4-орын - Qazaqstan ұлттық командасы 

3-орын - Qazaq radiolary 

2-орын- "Хабар" арнасы

1-орын-"Қазақпарат" командасы


Сондай-ақ біріншіліктен бөлек Журналистер құрамасы мен Нұртілеу Иманғалиұлының достарынан жиналған команда арасында ойын болды. Аса басымдылықпен Н. Иманғалиұлының достары командасы жеңіске жетті.


"Қазақпарат" ХАА АҚ басқарма төрағасы Асқар Умаров жеңімпаздарды марапаттау сәтінде бұл спорт болғандықтан мықтылар жеңетінін айтты. 


Ойын өте тартысты болды. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. "Хабардағы" әріптестеріміз ренжімесін. Бұл-спорт. Сондықтан бұл жерде тек мықтылар жеңеді,-деді Асқар Умаров. 


Айта кетейік, бір айға созылған турнир Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күніне орай аяқталды.


Волейболдан BAQ liga-ның бірінші маусымы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақ телевизиясының майталманы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналады. Маусымның басты қолдаушылары – «Qazaqstan» телерадио корпорациясы мен ҚР Туризм және спорт индустриясын дамыту қоры.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...