Бас жаңалықтар
Волейболдан «Жетісу» әйелдер командасы ел біріншілігінде топ жарды
30 Желтоқсан 2020, 06:47 688

Волейболдан «Жетісу» әйелдер командасы ел біріншілігінде топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының ІІ кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жоғарғы лигадағы 23 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасындағы 29-шы ел біріншілігі Семей қаласында өтті. 20-29 желтоқсан аралығында байрақты бәсекеге жалпы саны 8 команда қатысты.

Нәтижесінде, Алматы облысыные «Жетісу» командасы үздік атанды. Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш-2» волейбол командасы екінші орыннан көрінсе, павлодарлық «Ертіс» үшінші орынға жайғасты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...