Волейболдан Азия чемпионатында қазақстандықтар екінші орын алды

21 Тамыз 2019, 04:34
1750
Бөлісу:
Волейболдан Азия чемпионатында қазақстандықтар екінші орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан мен Үндістан арасындағы кездесу аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Топтық кезеңдегі соңғы матч төрт партияға созылды. Нәтижесінде қазақстандықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы тоғыз ұпайдың алтауын жинап, өз тобында екінші орын алды. 

Әзірге жапон қыздары алда келеді. Олар барлық матчта жеңіске жеткен. 
Өзгелердің жаңалығы