Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері тағайындалды

22 Маусым 2019, 15:44
2143
Бөлісу:
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақын арада волейболдан Қазақстан әйелдер командасын түркиялық маман Нежат Сенчак жаттықтырады. Бұл туралы волейбол федерациясы хабарлады.

Халықаралық волейбол федерациясында (FIVB) жаттықтырушы-нұсқаушы міндетін атқаратын Сенчак шілде айында келісімшартқа қол қойып, кейін жаңа қызметіне кіріседі. Нежат мырза еліміздегі волейболдың жағдайымен жақсы таныс. Ол FIVB бағдарламасы бойынша елімізде үш бойы бапкерлік курстар өткізді. Түрік маманымен келісімшарт ағымдағы олимпиадалық циклге жарамды. Токио ойындарына дейін әйелдер командасы үш іріктеу сынына қатысады.
Өзгелердің жаңалығы