Вице-премьердің інісі самбошының орнына әкім болды

22 Наурыз 2020, 17:45
1875
Бөлісу:
Вице-премьердің інісі самбошының орнына әкім болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің вице-премьері Ералы Тоғжановтың інісі Батыс Қазақстан облысында аудан әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы mgorod.kz хабарлады.

Марат Тоқжанов Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданына әкім болды.  Ол бұл тағайындауға дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Марат Тоқжанов 1965 жылы Теректі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Ол 2007-2008 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, 2008-2010 жылдары Шыңғырлау ауданының әкімі, 2010-2012 жылдары БҚО білім басқармасының бастығы, 2012-2013 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, 2013 жылдан бері Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. 

Ал Бәйтерек ауданың бұрынғы әкімі, самбошы әрі дзюдоист Асхат Шахаров Ақтөбе қаласының әкімі болып ауысқан.
Өзгелердің жаңалығы