Вице-министр: Әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы артады

11 Қазан 2019, 11:05
2737
Бөлісу:
Вице-министр: Әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатында "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының таныстырылымы өтіп жатыр.

Отырыста 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов таныстырды. 

"Республикалық бюджеттің негізгі параметрлері былай қалыптасты: түсімдер – 10 663,5 млрд теңге; шығыстар – 12 028,1 млрд теңге; тапшылық – 1 364,6 млрд теңге немесе жалпы ішкі өнімге 2,1%. Биылғы жылдың 9 айындағы атқару қорытындылары бойынша бюджет түсімдері 94,9 млрд теңгеге ұлғаюмен түзетілді", - деді Берік Шолпанқұлов.

Вице-министрдің айтуынша, шығыс бөлігі осындай сомаға келесі бағыттар бойынша ұлғайтылды.

"Біріншіден, әлеуметтік саладағы шұғыл қаржыландыру мәселелерін шешу мақсатында мыналарға қаражат көзделді: алушылар контингентінің ұлғаюына байланысты атаулы әлеуметтік көмек төлеуге сомасы 36,9 млрд теңге; медициналық көмек көрсетуге және денсаулық сақтау объектілерін салуды жалғастыруға - 23,3 млрд теңге. Осы шығыстар мыналарға бағытталды: емделу жағдайлары санының артуына байланысты стационарлық медициналық көмек; Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін сынақтан өткізу; Өскемен қаласында 200 төсектік қалалық балалар ауруханасының және Алматы облысы Ұзынағаш ауылында 100 төсектік перзентхананың құрылысын аяқтау, сондай-ақ Ақтөбе қаласында облыстық перинаталдық орталық құрылысын жалғастыру", - деді Шолпанқұлов.

Оның мәліметінше, негізгі мәселелер бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ішінде қаражатты қайта бөлу жолымен шешіледі. Нақтылауды ескере отырып, әлеуметтік блоктың шығыстары 6,7 млрд теңгеге ұлғаюмен 5,4 трлн теңгені немесе шығыстардың жалпы көлемінің 44,9% құрады.


Өзгелердің жаңалығы