Вице-министр ауыл халқымен кездесті

11 Қазан 2019, 17:27
1731
Бөлісу:
Вице-министр ауыл халқымен кездесті
Фото: автордан

 Атырау, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Атырау облысына келді. Іссапар барысында ол Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылының тұрғындарымен кездесті. 

Вице-министр ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың  Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асырылуы және әлеуметтік-мәдени дамудағы басты  бағыттары туралы айтып берді.

fa9c8c2c-8c11-4542-b467-d7627ef1637c.jpg

Сонымен қатар вице-министр Сарайшық музей-қорығын да аралап шықты. Бұл қазақ мемлекетінің мақтанышы, мәдени -тарихи маңызы зор нысанды сақтап қалу керектігін айтты. 

«Іссапарымыздың негізі мақсаты – халықпен кері байланыс орнату, аймақтарда мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асып жатқандығын білу. Біз күткен нәтижеге қол жетті ме – соны білгіміз келді. Бұл мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін бағдарламаларды жетілдіру үшін қажет.  Сондай-ақ, біз облыс орталығында жастармен кездесеміз, «Иманғали» орталық мешітіне баруды да жоспарлап отырмыз  және аймақтағы  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан жобалармен де танысамыз»,- дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин. 

Өзгелердің жаңалығы