Вице-министр: 35 мың тонна азық-түлік тауарын жинап қойдық

27 Шілде 2020, 17:50
1799
Бөлісу:
Вице-министр: 35 мың тонна азық-түлік тауарын жинап қойдық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар тұрақтандыру қорларына 35 мың тонна азық-түлік тауарын жинастырды. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы айтты.

Егіннің жаңа түсімі, жеміс-жидек пен көкөністің пісуіне байланысты сүт пен ет өнімдеріне сұраныстың азаюы, азық-түлік тауарларын сыртқа шығаруға тыйым салу – баға өсімінің қарқынын төмендетуге жол ашты. Бекітілген құнмен қатар, азық-түлік бағасын ұстап тұрудың тағы бір амалы – "айналымды схема" мен "тұрақтандыру қорларын құру" ойластырылған логистика мен тасымал желісін цифрландыру болып отыр. Сауда желілеріне "Айналымды схема" бойынша жеңілдетілген қарыз берілді. Осы қарыз бойынша оларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру міндеттемесі жүктелді, - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, жалпы сауда желілеріне жергілікті бюджеттен 17,42 млрд теңге бөлінген.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қазірдің өзінде тұрақтандыру қорларына 35 мың тонна азық-түлік тауарын жинастырды. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорларына 7 мың тоннаға жуық азық-түлік тауарларын жеткізуге форвардтық шарттар жасалды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сәйкессіздіктерді шешуге және азық-түлік тауарларының түпкілікті бағасын төмендетуге бағытталған тиімді сауда логистикасын дамыту мақсатында Сауда және интеграция министрлігі Ұлттық тауар өткізу жүйесін құруға бастама жасады, - деді Азамат Асқарұлы. 
Бұған дейін елімізде азық-түлік бағасы қаншалықты қымбаттағаны белгілі болды.
Өзгелердің жаңалығы