Вирусолог коронавирустың ауыр түрімен ауырмайтын адамдарды атады

14 Қараша 2020, 10:43
55794
Бөлісу:
Вирусолог коронавирустың ауыр түрімен ауырмайтын адамдарды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мечников атындағы вакциналар мен сарысуларының ғылыми-зерттеу институтының ғылыми директоры Виталий Зверев кімнің коронавирустың ауыр түріне шалдықпайтынын айтты. Бұл туралы Парламентская газета жазды.

Созылмалы аурулары бар, қан айналымы немесе иммундық жүйесі зақымданған адамдар қатты ауырады. Ал басқалары маска режимі мен гигиена стандарттарын сақтаса, қауіп төнбейді, - деді Зверев. 

Сондай-ақ, маман ауыр түрдегі науқастарға қарағанда жеңіл формада ауырған науқастар қаншалықты қауіпті деген сұраққа жауап берді.

Бұл жерде жұқтыру мөлшері маңызды. Әрине вирустың ауыр түрімен ауырған адамнан вирус көп мөлшерде бөлініп тұратындықтан, жұқтыру ықтималдылығы өте жоғары. Бірақ тікелей тәуелділік жоқ, - деді ол.  

Сонымен қатар, Зверев инфекцияның жеңіл түрімен ауырған адамдар қоғам үшін қауіпті емес екенін атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы