Вирус тактикасын өзгертті – Баешева

17 Маусым 2020, 18:29
8674
Бөлісу:
Вирус тактикасын өзгертті – Баешева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Вирус тактикасын өзгертті. Бұл туралы жетекші инфекционист дәрігер Динагүл Баешева денсаулық сақтау министрлігінің онлайн брифингінде айтып берді.

Қазір ел ішінде "коронавирус жұқтырғандарды алдымен жатқызу керек деді, кейін керек емес деді" деген әңгіме айтылып жатқан шығар. Вирусқа қатысты жағдай да өзгеріске ұшырады. Басында науқастардың барлығын ауруханаға жатқыздық. Себебі, жағдай мен мүмкіндік болды. Қазір вирус халықтың арасына енді. Вирус тактикасын өзгертті, біз де оған қарай бейімделуіміз керек. Себебі, бұл вируспен күрес. Адамдар дүрбелеңге салынып жатыр. Ол ештеңе шеше алмайды. Адамдар сабырға келуі керек, - деді ол. 

Маманның айтуынша, әр адам өзінің денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауы керек. 

Кейбір ел басында әрекет етті. Олар халықаралық стандартқа сай, ұжымдық иммунитет қалыптастырды. Біз қазір дүрбелеңге салынбай, сабырға келуіміз керек. Адамдардың салқынқандылығы керек. Халықпен бірге дұрыс шешім қабылдауымыз керек, - деді инфекционист.

Өзгелердің жаңалығы