Вирус шашады деп тарап жатқан ақпарат жалған

5 Тамыз 2021, 21:27
1528
Бөлісу:
Вирус шашады деп тарап жатқан ақпарат жалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар WhatsApp-та 7-8 тамызда «вирус шашатындықтан» далаға шықпауға шақыратын хабарлама таратуда. Бұл фейк ақпарат деп хабарлайды stopfake.kz.

Хабарлама авторы «аурухана қызметкерлерінің» айтқанына сүйенеді. Олар стационарларда ауру жұқтырған науқастардың жаппай түсуіне әзірленіп, оттегі баллондарын дайындап жатыр екен.
10-11 тамызда адамдар ауруханаларға көптеп түседі, терезелерді жауып, шыдаңыздар. Таныстарыңызға айтыңыз. Барлығы жоспарланған. Әлсіздер өліп кетеді, – делінген мәтінде.

Вирус шашады деп тарап жатқан ақпарат жалған

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарды.

Бұл – фейк. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, мекемедегілер Қазақстанда жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.

Өзгелердің жаңалығы