Бас жаңалықтар
Вирусқа қарсы дәрілерді амбулаторлық көмекте қолданбаймыз - дәрігер
08 Шілде 2020, 13:02 135

Вирусқа қарсы дәрілерді амбулаторлық көмекте қолданбаймыз - дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Вирусқа қарсы дәрілерді амбулаторлық көмекте қолданбаймыз. Бұл туралы №5 Нұр-Сұлтан қалалық емханасының бас дәрігері Алтыншаш Табулдина ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Стационарлардан шыққан науқастарға ұсыным болады. Тіркеуде тұрғандарға қайтадан КТ мен қан тапсыруға, УЗИ жасауға ұсыным беріледі. Провизорлық бөлімдердегі мамандар науқастарға кеңес беріп, қажетті тексеру жүргізеді. Әрине, шыққан науқастарға барлық ұсыным емханаларда жасалады, - деді ол. 

Ол атап өткендей, емханаларға амбулаторлық емге ұсынылатындар көбіне симптомсыз болады. 

Вирусқа қарсы дәрілерді амбулаторлық көмекте қолданбайды. Күнде онлайн кеңеске дәрігерлер шығып тұруы керек. Симптомсыз жағдай ушығып кетуі мүмкін. Амбулаторлық жағдайдағы науқастарға үнемі кеңес беріп отырған жөн. Антибиотикті тегін амбулаторлық емделуде қолдануға болады деп жазылған. Бірақ науқастың көп уақыт бойы қызуы түспей, қанға сынамасының нәтижесі бойынша, вирустық пневмония емес, асқынған пневмония болса, антибиотик беретін жағдайымыз бар, - деді Табулдина.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...