Вице-министр Жайықтың тартылуының басты себебін айтты
28 Қазан 2021, 12:52 12249

Вице-министр Жайықтың тартылуының басты себебін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлім етті. 

Оның айтуынша,  екі арасындағы конференцияда нақты орындалмай жатқан проблемалар көтерілді.

Жалпы бүгін 6 бассейн бойынша жұмысшы топтың ісі талқыланды. Екі елдің өкілдері бұл жоспарлардың орындалу барысы мен ондағы негізгі мәселелерді талқылады. Қосымша өзгерістер енгізлуі қажет істер қозғалды. Эксперттердің мәлімдемелері тыңдалды, - деді ол. 

Сонымен қатар вице-министр судың деңгейін көтеру мақсатында қандай іс-шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Жайық бойынша негізгі мәселе - климаттың өзгеруі. Жалпы, қардың, жауын-шашынның азайуы салдарынан су деңгейін төмендеген. Қазір Жайықтың шамасы бұрынғыдай емес. Бүгін көршілес екі ел осы өзеннің мәселесін жүйелі әрі шұғыл шешу үшін қажетті шараларды қабылдады. Мәселен, келер көктем кезінде су мөлшері ұлғаяды. Осы кезде проблеманы екі-жақты реттейміз,- деп атап өтті Серік Қожаниязов.


Фото: автордан
Загрузка...