Бас жаңалықтар
Вице-министр Рухияның ұстаздарына алғыс айтты
21 Шілде 2021, 18:09 115

Вице-министр Рухияның ұстаздарына алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да Витебскте өткен «Славян базары-2021» халықаралық өнер фестивалінің гран-при иегері - Рухия Байдүкенованың жеңісіне арналған брифинг өтті. 

Брифинг барысында Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов «Славян базары» фестиваліне қатысқан Рухияның ұстаздарына алғыс айтты.

«Славян базары» фестивалі аясындағы конкурсқа балалар арасындағы да үміткеріміз қатысты. Ақтау қаласынан Әмина Асхатқызы болатын. Бұл қызымыз дипломат атанды. Ол да үлкен жетістік. Болашақта Рухия әпкесінің жолын қуып, бас жүлдегер атанады деген ойдамын, - деді ол.
Дәуешов Рухия Байдүкенованы конкурсқа қатысуға дайындаған барша ұстазына және ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Бұл конкурста біздің әлемдік жұлдызымыз Димаш Құдайбергеннің әділ қазылар алқасы қатарында отыруы да біз үшін үлкен жетістік. Сондықтан алдағы уақытта да осындай қуаныштар сәттеріміздің көп болатынына сенімдімін, - деп атап өтті Нұрқиса Дәуешов.
Еске сала кетейік, «Славян базары» фестивалінде 2015 жылы - Димаш Құдайберген, 2019 жылы - Әділхан Макин мен Луиза Нуркуатова (балалар конкурсы), ал осы жылы – Рухиямыз ең басты жүлдеге, ал 2016 жылы Даурен Оразбеков (ADAM) 1-орынға ие болды.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жас әнші Рухия Байдүкенованы Беларусь Республикасының Витебск қаласында өткен «Славянский базар» байқауындағы жеңісімен құттықтаған болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...