Вице-министр Қарағанды медицина университетінің жұмысымен танысты

23 Ақпан 2021, 18:48
2298
Бөлісу:
Вице-министр Қарағанды медицина университетінің жұмысымен танысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Қарағанды медицина университетіне барып, ЖОО қызметкерлерімен кездесті.

Вице-министр Қарағанды медицина университеті - еліміздегі ірі медициналық жоғары оқу орындарының бірі екенін атап өтті. Онда 7 мыңға жуық адам оқиды, ал мыңнан астамы - дипломнан кейінгі білім алушы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, бүгінде алдымызда экономикалық әлеуетті, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша кезек күттірмейтін міндеттер тұр.

Вице-министр Қарағанды медицина университетінің жұмысымен танысты

Оны жүзеге асыру үшін заман талабына сәйкес кадр, денсаулық сақтау салаларындағы жоғары білікті маман қажет.

Сапар барысында вице-министр университет тіршілігімен жіті танысты.

Университет 9 бакалавриат бағдарламасы, 23 магистратура бағдарламасы, 5 докторантура бағдарламасы, 33 резидентура бағдарламасы, 8 ТжКБ бағдарламасы бойынша маман дайындайды, қосымша 56 білім беру бағдарламасы бар. Даярлау мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), инженерлік, жаратылыстану ғылымдары. 2020 жылы түлектердің 96% жұмысқа орналасты, - деді университет басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Раушан Досмағамбетова.

Қарағанды медицина университетінің білім беру әдісі әлемдегі ең озық білім беру бағдарлама мен технологияларды талдауға негізделген. Атап айтқанда, медицина мектебінің білім беру бағдарламалары әлемдегі беделді медициналық университеттердің бірі – ДАНДИ университетінің білім беру бағдарламаларын талдауға және зерттеуге негізделген.

Вице-министр Қарағанды медицина университетінің жұмысымен танысты

Қарағанды медицина университетінде маман даярлау ісі ғылыми қызметпен тығыз байланысты. Ғылыми көзқарас және ғылыми оқыту дәрігерлерді, денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастырушыларды, зерттеуші биологтарды, фармөндіріс технологтарын даярлаудың перспективалы бағыты болып табылады. ЖОО ғалымдарының ғылыми жұмысы білім алушыларға үлгі.

Заманауи жабдықталған университеттің ғылыми-зерттеу орталығы зерттеу базасына айналды. Ол Орталық Қазақстандағы жоғары технологиялы, перспективалы және маңызды ғылыми алаңдардың бірі. Кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Асфендияров атындағы ұлттық медицина университетті мен Қарағанды медицина университетінде ұжымдық пайдалануға арналған зертхана ашылды. Қарағанды медицина университеті орталықтың материалдық базасын қолдауға қомақты қаражат жұмсайды. Мұнда геномдық зерттеулер жүргізіліп, болашақ дербес медицина траекториясы қалыптасуда.

Вице-министр Қарағанды медицина университетінің жұмысымен танысты

Университеттегі заманауи білім беру технологиялары, ең алдымен, дәрігерлерді пациенттермен жұмыс істеуге дайындау үшін қажет. Ол үшін білім беру және симуляциялық технологиялар орталығы құрылды. Онда жоғары технологиялық симулятор, манекен, фантомдар орналастырылған. Олар болашақ дәрігерлерге, мейірбикелерге, стоматологтарға манипуляциялық техника дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Орталықта компьютер бар, тіпті студенттер қашықтықтан оқығанда да аса маңызды дәрігерлік және мейіргерлік дағдыларды пысықтау үшін түрлі платформаларда бағдарламалармен жұмыс істеудің жаңа, инновациялық тәсілдері жасалған.

Практикалық оқу - денсаулық сақтау саласына маман даярлауда өте маңызды. Қарағанды медицина университеті өзінің клиникалық зерттеу мен бақылау базасын дамытуға ерекше мән берді. Оның құрылымында стоматологиялық клиника, кәсіби денсаулық клиникасы және университет клиникасы жұмыс істейді, вице-министр онымен де танысты. 

Ажар Ғиният мұндай тәсілдің және дайындықтың маңыздылығын, университеттің клиникалық бағыттарды қадағалайтынын және практикалық денсаулық сақтауға өз үлесін қосатынын атап өтті. Вице-министр университет клиникасымен таныса отырып, оның жабдықталуын, жоғары білікті мамандардың жұмысын, медицина қызметкерлерінің жұмыс сапасын ерекше атап өтті. 

Вице-министр Қарағанды медицина университетінің жұмысымен танысты

Сонымен қатар университет клиникасын шынымен озық болу үшін одан әрі жабдықтау қажет. Осыған байланысты Ажар Ғиният күрделі патологияларды ерте кезеңде диагностикалай алатын компьютерлік томограф сатып алу керек екенін айтты.

Бұл сәулелі диагностика бағыты бойынша маман даярлауға қажет, яғни халықаралық стандарттарға сәйкес ауруларды диагностикалау және оқытуға мүмкіндік туады. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық денсаулық сақтау ұйымын түгендеуді тапсырды. Бұл бағыттағы жұмыс басталып та кетті, нәтижесі бойынша қажетті ұсынымдар әзірленіп, облыс әкімдіктеріне тапсырмалар беріледі, - деді Ғиният.

«ҚМУ» КЕАҚ 35 елдің 100-ден астам шетелдік ұйыммен белсенді ынтымақтастық орнатқан.

Вице-министр Қарағанды медицина университетінің жұмысымен танысты

Университет Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік медициналық білім беру Федерациясының «Авиценна» медициналық мектептерінің директорийіне енгізілген.

Вице-министр университеттегі білім беру мен маман даярлау бойынша жүргізіліп жатқан үлкен жұмысты жоғары бағалады. Профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру ісін де атап өткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы