Вице-министр Алматыдағы медициналық мекемелерді аралады

10 Қыркүйек 2021, 21:37
4640
Бөлісу:
Вице-министр Алматыдағы медициналық мекемелерді аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жұмыс сапарымен Алматы қаласында болды. Ол бірқатар медициналық нысандарды аралап, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі штабтың отырысына қатысты.

А.Ғиният "А.Н. Сызғанова атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ-да болды. Бұл орталық өз саласында жетекші көпбейінді медициналық мекеме бола отырып, елімізде және Республикадан тыс жерлерде жетекші орын алады, онда ең заманауи технологиялар бойынша емдеу-диагностикалық көмек көрсетіледі, ол сондай-ақ кадрлық әлеуетті дамытуды және практикалық медицинаға инновациялық әдістерді енгізуді орталықтың өзінің базасында ғана емес, өңірлерге шығуда оқыту шеберлік сыныптарын өткізу жолымен жүзеге асырады. ҰҒО ҚР халқына қызмет көрсетеді және кардиохирургияда, тамыр хирургиясында ангиографиялық құрылғыларды, жалпы хирургияда, торакальды хирургияда, гинекологияда және органдарды трансплантациялауда эндоскопиялық араласуларды қолдана отырып, 30%-дан астам азинвазивті операциялық араласуларды орындайды.

Сапар барысында вице-министр диагностикалық орталықтың, клиникалық бөлімшелердің, клиникалық-диагностикалық зертхананың жұмысымен танысты, сондай-ақ рентгенохирургия, интервенциялық кардиология және аритмология бөлімшесіне барды. Сондай-ақ, ол бауыр мен бүйректі трансплантациялаудан, құрсақ қуысы мүшелеріне ауыр реконструктивті-қалпына келтіру араласуларынан кейін қарқынды терапия бөлімшесіндегі пациенттерді тексеріп, оларға тезірек сауығуды тіледі.

Сонымен қатар, А.Ғиният Қазақ онкология және радиология ҒЗИ барып, балалар онкология орталығын аралады. Мұнда вице-министр компьютерлік томография кабинетіне барды, онда aquilion Prime сараптамалық сыныбының компьютерлік томографы жаңа аппараты орнатылды, жаңартылған оперблокты, заманауи ПЭТ/КТ-орталығын және жаңа Томотерапия орталығын қарап шықты.

Сапар соңында А.Ғиният Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да болды, сондай-ақ КВИ таралуына жол бермеу жөніндегі штабтың отырысына қатысты, оның барысында Денсаулық сақтау Министрлігінің Алматыдағы жұмыс тобының жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар айтты.

Өзгелердің жаңалығы