Венгрияда мыңнан астам медбике ереуілге шықты

31 Шілде 2021, 21:07
2627
Бөлісу:
Венгрияда мыңнан астам медбике ереуілге шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венгрияда мыңнан аса медбике ереуілге шығып, жалақыны көбейтуді талап етті деп хабарлайды 24.kz.

Наразы топ пандемия кезінде жұмыс көбейгенін айтады. Бірақ еңбекақы сол күйінде қалған екен. 

Статистика бойынша, ақшасы аз болғандықтан жыл сайын Венгриядан 500-ге жуық медбике өзге елдерге кетіп қалады екен.

Негізі былтыр күзде билік барлық дәрігердің жалақысын көтерген болатын. Бірақ медбикелердің еңбекақысы өзгеріссіз қалған. 

Аз ақша алатындықтан әріптестерімнің көбі шетелге кетіп қалуға тырысады. Ал жасы үлкендері ертерек зейнетке шығып кетудің амалын жасайды, - дейді медбике Илона Борос.



Өзгелердің жаңалығы