Венгрия Еуроодақтан шығарылуы мүмкін

21 Шілде 2021, 21:51
2849
Бөлісу:
Венгрия Еуроодақтан шығарылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Люксембургте Венгрияның Еуроодаққа мүшелігіне қатысты референдум өткізу туралы бастама жасалды. 

Бұл ұсынысты Люксембургтің сыртқы істер министрі Жан Ассельборн Der Spiegel басылымына берген түсініктемесінде айтып өткен.

Орбанның одаққа мүшелік етуін қалайсыз ба деген мәселе бойынша Еуроодақта референдум өткізу қажет. Мен референдум қорытындысы бойынша жоқ деген жауапқа келетінімізге кәміл сенемін, - деді Ассельборн.

Жалпы Еуроодақ көлемінде референдумдар өткізілмейді. Дегенмен Ассельборнның сөзінше, референдумды енгізу мәселесін қарастыру қажет. 

Референдум өткізілсе, Еуроодақтың Венгрия Үкіметіне қарсы атқарып жатқан іс-әрекеттері туралы толассыз пікірталас, сонымен қоса Еуроодақта дауыс беру құқығынан айыратын жетінші бап процедурасымен қоса бір сәтте аяқталар еді, - деді министр.


Өзгелердің жаңалығы