Бас жаңалықтар
Венесуэлада халық вакцина орталығының алдына ереуілге шықты
18 Қыркүйек 2021, 03:47 210

Венесуэлада халық вакцина орталығының алдына ереуілге шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венесуэланың Каракас қаласында халық екпе егу орталығының алдында ереуілге шықты.

Жиналғандардың арасында егде жастағы тұрғындар көп. Наразылар биліктен коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын талап етті. Мәселен, көбі осыдан 4 ай бұрын Sputnik V препаратының бірінші дозасын ғана қабылдаған болатын.

Ресейлік мамандардың айтуынша, Sputnik V  вакцинасының екі компоненті арасында 180 күнге дейін ғана кідіріс жасауға болады.

Айта кетейік, Венесуэлада көбіне ресейлік Sputnik V  мен қытайдың Sinopharm препараты қолданыста. Бүгінде ел тұрғындарының 15 пайызы ғана толық егілген.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...