Венесуэла президенті оппозицияны диалогқа шақырды

29 Қаңтар 2019, 10:38
1870
Бөлісу:
Венесуэла президенті оппозицияны диалогқа шақырды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Венесуэла президенті Николас Мадуро оппозиция көшбасшыларын «батыл шешім қабылдап, ұлттық диалог құруға шақырды».

Венесуэла көшбасшысының мәлімдемесі оның Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланды.

«Мен Венесуэла оппозициясын ақылды, парасатты болуға және батыл шешім қабылдауға шақырамын. Ұлттық диалог құратын кез жетті», - дейді Николас Мадуро.

Сонымен қатар ол ағылшын тілінде АҚШ президенті Дональд Трамптан «Венесуэладан қолын аулақ ұстауды» талап етті.

«Трамп, сіз Венесуэлада болуы мүмкін кез келген зорлық-зомбылыққа жауаптысыз», - деді ол.

25-қаңтар күні Николас Мадуро Венесуэланың оппозиция көшбасшы Хуан Гуаидомен кез келген жағдайда кездесуге дайын екенін мәлімдеген. Ал өзін Венесуэланың уақытша президенті жариялаған Гуаидо аталған кездесуден бас тартқан.

Айта кетейік, осыған дейін 2013 жылдан бері амбициясы жоқ басшы ретінде танылған Николас Мадуроның «күлкіге қалдырған» цитаталарын жариялағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы