Венесуэла электр қуатынсыз қалды

8 Наурыз 2019, 15:44
1501
Бөлісу:
Венесуэла электр қуатынсыз қалды

Алматы, BAQ.KZ. Венесуэланың 23 штатының 21-і және ел астанасы Каракас та электр қуатының өшірілгені тіркелді.


Каракас та электрмен жабдықтау бұзылуына байланысты метрополитен желісі тоқтаған, сондай-ақ ұялы байланыстың да бұзылғаны байқалған. 

Венесуэланың электр қуаты бойынша ұлттық корпорациясы өз кезегінде елдегі ең ірі "Эль-Гури" су электр станциясында диверсия болғанын мәлімдеді. СЭС-ғы оқиға қалай болғаны нақты айтылмады. 

Боливар штатында орналасқан "Эль-Гури" 2016 жылы әлем бойынша қуаты ең күшті төрт станция қатарына енген болатын.
Өзгелердің жаңалығы