Венецияда каналдардағы су тартылып қалды

28 Ақпан 2021, 21:09
2254
Бөлісу:
Венецияда каналдардағы су тартылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венецияда су деңгейі бірден 48 сантиметрге төмендеп кетті, деп хабарлады BBC.

Әдетте Венеция жыл сайын су тасқынынан зардап шегетін. 

Алайда осы жылы судың қарқынды түрде қайтуынан венециялық каналдар сусыз қалды.

Салдарынан қалада туристерді таситын гондолалар жағажайда жұмыссыз тұр. 

Венецияда кемемен немесе қайықпен қатынайтын жергілікті тұрғындар үшін қаланың бір басынан екінші жағына жету қиындық туғызып жатыр.

Венецияда каналдардағы су тартылып қалды

Гранд-каналда - венециялық лагуна аралдарының арасындағы екі суды жалғастырған үлкен өзенде ғана су қалған. Бірақ оның деңгейі айтарлықтай түсіп кеткен.


Өзгелердің жаңалығы