Венада долы дауыл ойран салды

15 Тамыз 2019, 05:30
2612
Бөлісу:
Венада долы дауыл ойран салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австрия тұрғындарын аптап ыстықтан кейін долы дауыл әбігерге салды, деп хабарлайды 24.kz. 

Қазір Венада қатты жел тұрып, жауын селдетіп тұр. Салдарынан жерасты өткелдері суға толып, көшедегі ағаштар құлап жатыр. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, күн райы қас-қағым сәтте өзгерген.

Табиғат апатынан мерт болғандар жайлы әлі ақпарат түскен жоқ.



Өзгелердің жаңалығы