Бас жаңалықтар
Велоспорт федерациясының атқарушы директоры тағайындалды
18 Қазан 2019, 18:04 341

Велоспорт федерациясының атқарушы директоры тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан велоспорт федерациясының жаңа атқарушы директоры тағайындалды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл қызметті танымал велошабандоз Дмитрий Муравьёв  атқаратын болады. Дмитрий Муравьёв – спортшы ретінде "Pro Team Astana" сапында және  Американың "RadioShack"  командасында өнер көрсеткен

Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында 1998 жылы Бангокта өткен  Азия ойындарында күміс, 2002 жылы Пусанда өткен Азия ойындарында қола жүлдені жеңіп алған. Одан бөлек Муравьев "Тур де Франс" көпкүндігінің 4-кезеңінде жеңіске жетті және көптеген кәсіби веложарыстарда жүлделі орындарға ие болған. 

Қазақстандық велошабандоз Almaty Management University түлегі, "Бизнес және басқару" мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...