Велоспорт. «Астана» екі шабандозбен жаңа келісімшарт жасасты

11 Қазан 2021, 17:16
1251
Бөлісу:
Велоспорт. «Астана» екі шабандозбен жаңа келісімшарт жасасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Юрий Натаров пен Евгений Гидич «Астана» велокомандасымен келісімшарт мерзімін ұзартты. 

Бұл туралы Prosports.kz хабарлады. 

Қазақстандық екі велошабандоз Юрий Натаров пен Евгений Гидич «Астанамен» (ред. - 2022 жылдан бастап команда Astana QazaqstanTeam деп аталады) екі жылға жарамды жаңа келісімшартқа қол қойды. Олар команда сапында 2022 және 2023 жылғы маусымдарда өнер көрсетеді.

Юрий Натаров қазақстандық командамен алғашқы келісімшартын 2019 жылы жасаған. Ол кәсіпқой мансабында «Алматы туры» жарысының жалпы есебімен топ жарған. 2021 жылғы маусымда Натаров Гранд-турға алғаш рет қатысты, сонымен қатар ол Қазақстан чемпионатының жекелей сынында қола жүлдегері болған.

Айта кетейік, Евгений Гидич 2018 жылы «Астанаға» қосылды. Алғашқы үш маусымда ол бірқатар жоғары нәтижеге қол жеткізді - «Хорватия туры-2018» турнирінің жалпы есебінде үшінші орын алды. 2019 жылғы Азия чемпионатының топтық жарысында жеңіске жетті. «Коппа Бернокки» жарысында жетінші орын алды (2019). «Сауд Арабиясы турында» үшінші орынға ие болды (2020).

Өзгелердің жаңалығы