Бас жаңалықтар
Бабыл қаласы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді
16 Шілде 2019, 19:09 409

Бабыл қаласы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иракта орналасқан Бабыл қаласы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді. Бұл туралы "Хабар 24" сайтында хабарланды.

Айта кетейік, Ирак ежелгі қаланы 40 жылдан бері осы тізімге қосқыза алмаған болатын. 

Кеңес құрамындағы 2,5 мың сарапшы Бакуде өткен форум кезінде бұл бастаманы ақыры қолдады. Жалпы 10 күндік жұмыстың нәтижесінде мұралар тізімі тағы 29 нысанмен толықты. 

ЮНЕСКО-ның мәдени мұра форумының Бакудегі ұйымдастырылуы тегін емес. Өйткені, Ширваншахтардың сарайы орналасқан ескі қала әлемдік мәдени мұралардың қатарында. Сонымен қатар, Әзербайжан астанасының оңтүстігіндегі Гобустан қорығы да аталған тізімде. 

ЮНЕСКО-ның мүшелігіне өту үлкен басымдық береді. Себебі, әлем таныған нысан арқылы елге туристерді көптеп тартуға болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық