Бас жаңалықтар
Василий Левит халықаралық «Boxam» жарысының финалына шықты
06 Наурыз 2021, 03:31 381

Василий Левит халықаралық «Boxam» жарысының финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Василий Левит халықаралық «Boxam» турнирінің финалында жұдырықтасады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Испанияның Кастельон қаласында бокстан халықаралық бәсекенің жартылай финалдық кезеңі мәресіне жетті.  Жарыс нәтижесі бойынша 91 келіде қазақстандық боксшы Василий Левит финалға жолдама алды. Жартылай финалда ол литвалық Тамасаукас Тадасты ұтты. 

Айта кетерлігі, тағы бір қазақстандық боксшы, 52 келіде Махмұд Сабырхан финалға жеткен болатын. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...