Вашингтонда Қазақстанның Достар тобы құрылды

13 Қараша 2019, 13:30
2203
Бөлісу:
Вашингтонда Қазақстанның Достар тобы құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Конгрессінде Қазақстанның достары тобының (кокус) құрылуына орай ресми қабылдау өтті, деп хабарлады СІМ ресми сайты. 

Қазақстанның достары тобы екіпартиялық ұйым болып, оның тең-төрағалары болып конгрессмендер Стив Шабот, Грегори Микс және Роберт Адерхольт бекітілді. 
Осы топтың құрылуы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту әрі 2018 жылғы қаңтарындағы ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапарының, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы  қыркүйегіндегі Нью-Йоркқа сапарының қорытындылары бойынша екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады, - делінген ақпаратта. 
Америка Құрама Штаттарында кокустардың дәстүрі 18 ғасырдан басталады, ол кезеңде кокус болып біріңғай саяси мақсатқа жету үшін құрылған ұйымдар саналған. Қазіргі уақытта достар тобы АҚШ-тың заң билігінде таралған. Демократиялық және республикандық топтар бар. 
Өзгелердің жаңалығы