Варшавада Қазақстан-Польша бизнес-форумы өтіп жатыр

4 Наурыз 2019, 20:50
2158
Бөлісу:
Варшавада Қазақстан-Польша бизнес-форумы өтіп жатыр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Варшава қаласында Қазақстанның Польшадағы Елшілігі, «Kazakh Invest» Ұлттық Компаниясы және Польшаның Бизнес кеңесі бірлесіп ұйымдастыруымен бизнес-форумы өтіп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде өтетін апта сайынғы брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Оның айтуына қарағанда форумға Польшаның Кәсіпкерлік және технологиялар министрлігі мен Польша Инвестициялар және сауда жөніндегі агенттігі қолдауы білдірген.

«Invest in Kazakhstan» атты Қазақстан-Польша бизнес-форумы өтуде. Форумға ауылшаруашылық, энергетика, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру, азық-түлік, химия, тау-кен металлургия және фармацевтикалық өнеркәсіп салалардағы қазақстандық және поляк компаниялары қатысуда" - дейді ресми өкіл.

Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту, екі елдің іскер топтары арасында қолданыстағы тікелей байланыстарды нығайту және жаңаларын орнату, сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық жобаларды, мүмкіндіктерді, бизнеске қолдау механизмдерін таныстыру.

Рахила Бекназарқызы

Өзгелердің жаңалығы