Қазақстандық спортшы шаңғымен тұғырдан секіруден жеңіске жетті

12 Шілде 2019, 09:11
1773
Бөлісу:
Қазақстандық спортшы шаңғымен тұғырдан секіруден жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогінің бірінші жарыс күні аяқталды. К-95 тұғырынан секіруден қазақстандық Валентина Сдержикова топ жарды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.  

Ол 182.8 нәтижесімен бірінші орын иеленді. Екінші орынды Кристинка Прокопьева (168.4), үшінші орынды ресейлік Александра Баранцева (163.4) еншіледі. 

Айта кетейік, 11-14 шілде аралығында Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтуде. Жарысқа 11 елден спортшылар қатысып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы