Бас жаңалықтар
Вакциналарды араластырып салмаған жөн – ДСҰ
10 Сәуiр 2021, 08:45 194

Вакциналарды араластырып салмаған жөн – ДСҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері екпе алу барысында түрлі вакциналарды араластырмауға кеңес берді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Бұл мәлімдемеге Францияның денсаулық сақтау министрінің шешімі түрткі болған. Себебі министр «АстраЗенека» компаниясы екпесінің бірінші дозасын алған азаматтарға басқа препарат салынатынын айтты. Өйткені дәрілік заттардың еуропалық агенттігі бұл өндірушінің вакцинасы мен тромбоздың пайда болуы арасында байланыс бар деген қорытындыға келген. Сол себепті француз билігі енді жасы 55-ке келмеген тұрғындарға екінші доза ретінде басқа екпені ұсынуға ниетті.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...