Вакциналау бизнеске шектеусіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді – Оразалин

29 Мамыр 2021, 15:15
2632
Бөлісу:
Вакциналау бизнеске шектеусіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді – Оразалин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қаланың кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мегаполис экономикасын қалпына келтіруде вакцинацияның пайдасы туралы айтты.

Жаппай вакцинацияның арқасында Алматының бизнес қауымдастығы қатаң шектеулерсіз жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Жергілікті бизнес қауымдастық денсаулық сақтау жүйесіне қолдау көрсетіп, көптеген сауда үйлерінің, ойын-сауық орталықтары мен базарлардың базасында егу пункттерін ашты. Осылайша, бизнес жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға себепкер болып отыр,- дейді Еркебұлан Оразалин.
Вакциналау бизнеске шектеусіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді – Оразалин

Ол жергілікті атқарушы органдар атынан кәсіпкерлерді вакцина алғандарды сыйлықтармен қолдағаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар Алматыдағы СОО-дағы егу пункттер базасында жүргізіліп жатқан ұтыс арқылы сыйлық ойнату арқылы қолдауда ешқандай өрескелдік көрмегенін атап өтті. 

Мұндай тәжірибе бүкіл әлемде қолданылады. Көршілес Ресейде бастапқы айларда жаппай вакциналау белсенді жүрмеген, сондықтан онда ынталандыру үшін қосымша шараларды қолдана бастаған. Мен біздің халқымыз егу пункттеріне ұтыс ойындарына қатысу немесе сыйлық алу үшін келеді деп ойламаймын. Бұл адамдар вакцинация процесін қолдайды және елдегі ұжымдық иммунитетті қалыптастырады. Сондықтан оларды ынталандыру дұрыс шешім, - дейді басқарма басшысы.

Өзгелердің жаңалығы