Вакцинациялау. Дубайға жолдама ойнатылады

24 Маусым 2021, 21:27
5851
Бөлісу:
Вакцинациялау. Дубайға жолдама ойнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Жетісу ауданында вакцинаның бірінші дозасын салдырғандар арасында Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдама ойнатылады. Бұл туралы аудан әкімі Гүлнәр Көкебаева айтты.

Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары мен қонақтары, біздің «Вакцина ал - жүлде ал» науқанымыз жалғасын табуда. Екпенің бірінші компонентін салдырып, БАӘ-де екі адамның демалысына жолдама ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз. Сертификатты өзіңізге қолайлы уақытта пайдалану мүмкіндігімен беріледі! Науқан 24 маусымда басталып, 11 шілдеге дейін жалғасады. Жеңімпаздарды тікелей эфирде анықтаймыз, - деп жазды аудан әкімі. 

Естеріңізге сала кетейік, елорда тұрғындары да вакцина алу арқылы 2 бөлмелі пәтер ұтып алуы мүмкін екенін қала басшысы Алтай Көлгінов айтқан болатын.  

Сонымен қатар Маңғыстау облысында «Екпе ал да, екі бөлмелі пәтер ұтып ал» акциясы басталған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы