Вакцинацияға қатысты тағы бір жалған ақпарат тарады

4 Қыркүйек 2021, 22:57
6570
Бөлісу:
Вакцинацияға қатысты тағы бір жалған ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Туберкулезге қарсы екпе деген сылтаумен балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатыр». Ел ішіне тараған бұл ақпараттың жалған екенін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады.

Ол өзінің фейсбуктағы парақшасында «Туберкулезге қарсы ревакцинация жоспарлы шара және ол тек қыркүйекте жүргізіледі» деп жазды.

Сондай-ақ ата-ананың жазбаша келісімінсіз ешкімге екпе салынбайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Pfizer вакцинасы осы жылдың төртінші тоқсанында қолжетімді болады. Бірақ ол да тек ата-ананың немесе баланың заңды өкілінің рұқсатымен ғана салынады. Комитет өкілі қазақстандықтарды тек ресми дерек көздеріне сенуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы