Вакцинация процесі сәтсіздікке ұшырады деуге негіз жоқ – министр

5 Мамыр 2021, 17:53
1162
Бөлісу:
Вакцинация процесі сәтсіздікке ұшырады деуге негіз жоқ – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, елде вакцинация процесі қалыпты өтіп жатыр. Науқанды сәтсіздікке ұшырады деуге негіз жоқ. Қазақстан халықты вакцинациялау бойынша 57-орында тұр.

Вакцинацияны алғашқы кезеңде асыра жылдамдықпен жүзеге асыру халықтың оған деген ашуын туғызуы мүмкін. Алғашқы кезеңде жаппай вакцинациялауға емес, түсіндіру жұмыстарына назар аударылып, халықтың сеніміне кіру маңызды. Вакцинациялау орындарының, медициналық қызметкерлердің де дайын екенін көрсетуіміз керек болды. Халық та вакцина жайлы барынша мағлұмат алып барып, өз еріктерімен келуі үшін жұмыс атқарылды. Ол үшін оларға үлгі көрсету де үлкен рөл атқарды. Тұрғындардың соңғы күндері екпе алуға деген сұранысының артуы соның нәтижесі, - деді ол.

Ол сонымен қатар, бүгін тілшінің «Соңғы рет қашан қоғамдық көлікке отырдыңыз?» деген сауалына жауап берді.

Оның айтуынша, соңғы рет қоғамдық көлікке өткен жылы отбасымен отырған. 

Ал қоғамдық көліктегі адам көп, рейс аз сынды мәсәлелермен таныс және осы бағытта министрлік әкімдіктермен жұмыс істеп жатыр, - деді Цой.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі вакцинациялау процесіне қатысты Мәжілісте сынға ұшырағаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы