Вакцинация мен ПТР құжатын қолдан жасау: 86 қылмыстық іс қозғалды

28 Шілде 2021, 17:00
1670
Бөлісу:
Вакцинация мен ПТР құжатын қолдан жасау: 86 қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

ІІМ және оның аумақтық бөлімшелерінде жалған құжаттарды сату жөніндегі хабарландыруларды анықтау бойынша тұрақты мониторингтік топтар жұмыс істейді. Мәселен, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде (Телеграмм, Instagram, ВКонтакте) жалған вакцинация паспорттарын немесе ПТР-анықтамаларды сату туралы 62 хабарландыру анықталды, - деді Заппаров.

Оның айтуынша, олар туралы ақпарат бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберілген.

Жалған құжаттарды сатып алуға тырысып, алаяқтардың құрбанына айналуға болатындығын атап өткен жөн. Ішкі істер органдарының жедел және тергеу бөлімшелері жалған құжаттарды сату фактілерін анықтау бойынша әртүрлі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді. Полиция қызметкерлері медициналық орталықтарды, емханаларды, вакцина алу пункттерін тексеруді жалғастыруда, - деді ол.

Заппаров атағандай, жыл басынан бері полиция органдары барлығы 86 қылмыстық іс қозғады, оның 39-ы вакцинация паспорттарын және 47-сі ПТР-анықтаманы қолдан жасағанына байланысты болып отыр.

Жалған құжат жасағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.Осыған байланысты ІІМ сақтық шараларын ұстанып, заң бұзушылыққа жол бермеуге шақырады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы