Вакцинация көлемі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 42-орынға тұрақтады

25 Маусым 2021, 12:07
5710
Бөлісу:
Вакцинация көлемі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 42-орынға тұрақтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан вакцинацияланған тұрғындар саны бойынша елдер рейтингінде 60-орыннан 42-орынға жоғарылады. 

24 маусымдағы жағдай бойынша толық вакцинацияланған адамдар үлесі 9,4%-ды немесе 1,79 млн адамды құрады. Аталған көрсеткіш сәуір айында 0,7% көлемінде болған.

Вакцинациялау науқаны басталғалы бері Қазақстанда әр оныншы адамға екпе егілді.

Жаһандық деректерді ұсынатын Our World in data ғылыми онлайн-басылымының қызметкерлері әлем елдерін вакцинация көлемі бойынша саралап отырады.

21-24 маусымдағы деректер рейтингінде сандық көрсеткіш бойынша Қытай вакцинация көшбасшысы екені анықталды. Онда 223 млн адам вакцина алып үлгерген. Алайда халық саны бойынша бұл ҚХР халқының тек 15%-ы вакцина салдырды деген сөз. 

Көшбасшы елдер үштігінде АҚШ-та бар. Онда 150 млн-нан астам адам екпе алған.

Халқы тығыз орналасқан Үндістан елі үшінші орынға тұрақтады. Оңтүстік Азияның осынау елінде 51 млн-нан астам адам немесе халықтың 3,7%-ы коронавирусқа қарсы егілді.

Өзгелердің жаңалығы