Бас жаңалықтар
Вакцина өз жетістігінің құрбаны болып отыр – профессор
04 Мамыр 2021, 13:16 2524

Вакцина өз жетістігінің құрбаны болып отыр – профессор

Алматы, BAQ.KZ. Инфекциямен күрес бойынша барлық ақпаратты популистер мен сыншылардан емес, ғылыми негізделген фактілерге сүйенетін сенімді сарапшылар мен ғалымдардан ғана алу керек. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, профессор Валихан Ахметов айтты.

Оның айтуынша, эпидемияны жеңудің жалғыз және сенімді әдісі - халықты жаппай вакцинациялау.

Бүгінде біздің елімізде вакцинация қарқынды жүріп жатқанына қарамастан, қазақстандықтар Батыс елдеріндегідей көптен күткен вакцинаны салдыруға асықпайды. Еуропада мүлдем басқа жағдай – вакцинация науқаны көп күттіретін кезекке байланысты жанжалмен жүргізілуде. Мәселен, Испания Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал Мигель Ангел Вильярроя вакцинацияға қатысты жанжал салдарынан отставкаға кетуге мәжбүр болды. Себебі генерал басқа жоғары дәрежелі әскери шенділермен бірге COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаны белгіленген тәртіптен тыс алды деп айыпталды, - дейді ол.

Профессор «Қазақстандық медициналық кеңес» медициналық білім беру және ғылым ұйымы қауымдастығы басшыларының бірі және медициналық қоғамдастықтың өкілі бола отырып, әріптестеріммен бірге «Спутник V» вакцинасын салдырғанын айтады.

Жұқпалы аурулардың өршуі адамзат үшін қаншалықты қауіпті әрі жойқын екенін және вакцинаның пайда болуы арқылы миллиондаған адамның өмірін сақтап қалған жалғыз үміт екенін естен шығармағанымыз абзал. Адамзат тарихындағы вакциналар бізді В гепатиті, безгек, қызылша, туберкулез және өзге де қауіпті жұқпалы аурулардан сан мәрте қорғады. Айта кетсек, екпе пайда болғанға дейін әрбір төртінші науқас қызылшадан көз жұмған, бұл - факт. Дегенмен біз тек екпе ғана аурудың таралуын және адамдардың өлімін тоқтата алатындығын ұмыта бастадық. Бүгінде вакцинация өз жетістігінің құрбаны болып отыр, оның арқасында көптеген адам бұрын қорқатын аурулар туралы ұмытып, вакцинациялардың өзінен күдіктенуді бастады, - дейді Ахметов.

Сондай-ақ ол вакцина тек екпе алған адамдарды ғана емес, сонымен қатар қоғамның екпе алмаған мүшелерін де қорғайтынын жеткізді.

Біз барлық адамға медициналық себептерге байланысты бірдей екпе салуға болмайтынын білеміз. Бірақ бұл адамдар екпе алған адамдар арасында өмір сүрсе, оларды ұжымдық иммунитет арқылы қорғауға болады, - дейді ол.

Профессор инфекциямен күрес бойынша барлық ақпаратты популистер мен сыншылардан емес, ғылыми негізделген фактілерге сүйенетін сенімді сарапшылар мен ғалымдардан ғана алу керек екенін баса айтады.

Кейбір теория (ғылыми негізі жоқ) интернетте таралуы мүмкін және біздің барлық қорғаныс қабатымызды бұзуы мүмкін, өйткені олар адамдардың маска тағу және басқа қорғаныс шаралары туралы түсініктерін өзгертеді. Ең бастысы, вакцинацияның қажеттілігі туралы пікірді теріске шығарады, бұл халық үшін өте қауіпті. Себебі жалған ақпарат және негізсіз теориялар - бұл адамзат әлі қауіптілігін жете түсіне алмаған, болашақта күресуге тура келетін «вирус», оған қарсы әрекет етуді бүгіннен бастаған жөн, - дейді Валихан Ахметов.

Сөз арасында ол Үкімет халықтың саулығы үшін бар жағдайды жасап отырғанын, алайда көпшілік оны дұрыс түсінбей жатқанын айтты.

Көптеген елде халықты жаппай вакцинациялауға мүмкіндігі болмай тұрған кезде, біз қазақстандықтар, екпенің ресейлік «Спутник V» және отандық QazVac секілді түрлерін таңдау еркіндігіне ие бола отырып вакцина салдыруда белсенділік танытпай келеміз. Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды COVID-19-ға қарсы алғашқы екпе салдырғандардың бірі бола отырып, өз халқын вакцинациядан өтуге шақырды. Бұл қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалудың бүгінгі таңда баламасы жоқ жалғыз жолы, - дейді профессор.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//