Бас жаңалықтар
Вакцина коронавирустың жаңа штаммдарына қалай әсер етеді?
12 Ақпан 2021, 18:06 245

Вакцина коронавирустың жаңа штаммдарына қалай әсер етеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі Жаннат Сатыбалдиева мұндай  алаңдаушылықтың болуы орынды екенін айтты.

Бұл бірқатар адамның күмәнін тудырып отырған мәселе. Қалай дегенмен де, бүгінде жасалып шыққан вакциналардың барлығы жаңа  анықталып жатқан штамдардың барлығынан қорғайтын болады. Әуелде бұл вирустың геномы анықталған бетте-ақ, бірқатар ғалым аталған вирустың мутациялану деңгейі мен мутагенділігін зерттей бастаған еді. Барлық ел бұл мәліметтермен бір-бірімен алмасты. Дәл осы мәліметтер коронавирусқа қарсы вакцинаны жасау, талдау, зерттеу жұмыстарына негіз болды, - деді ол.

Жаннат Әбенқызы вакцина коронавирустың жаңа штамдарына әсер ете ала ма деген алаңдаушылықтың болуы орынды екенін жоққа шығармайды.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми практикалық орталығының дәрігер-эпидемиологы, сарапшы Лена Қасабекова коронавирусқа қарсы вакцина төңірегінде түрлі әңгімелердің көбейіп кеткенін айтқан еді.


Фото: дереккөз
Загрузка...